Басып шығару кезінде қағаз өлшемін өзгерту

Егер сіз құжаттың қағаз өлшемін өзгерткіңіз келсе (мысалы, US Letter өлшемді PDF файлын A4 қағазына басып шығару), құжаттың басып шығару пішімін өзгертуге болады.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

  3. Қағаз бағанының астындағы ашылмалы тізімнен Қағаз өлшемін таңдаңыз.

  4. Басып шығару батырмасын шертіңіз, сонда құжатыңыз басып шығарылуы керек.

Сондай-ақ басқа бағытты таңдау үшін Бағыты мәзірін пайдалануға болады:

  • Тік

  • Жаттық

  • Кері тік

  • Кері жаттық