5 беттік кітапша
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
-
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ауқым астынан Беттер таңдап: 1 деп теріңіз
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Жайма астындағы Екі жақты опциясынан Қысқа жиегі (Аударып ауыстыру) таңдаңыз.
Бір жағындағы беттер опциясында 2 таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
Бет басып шығарылғаннан кейін, қағазды алып, оның дұрыс бағытталғанына көз жеткізіп, принтерге қайта салыңыз (2-ші бет екінші жағына басылады).
-
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
Жалпы бетін таңдаңыз.
Ауқым астынан Беттер таңдап: 2 деп теріңіз
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
-
3-ші бетті басып шығару үшін терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
Жалпы бетінде, Беттер таңдауына бет нөмірін енгізіңіз.
-
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
3-ші бет басып шығарылғаннан кейін, қағазды дұрыс бағыттауға көз жеткізіп, принтерге қайта салыңыз (4 және 9 беттер екінші жағына басылады).
-
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.
Жалпы бетінде Беттер таңдауына 4, 9 беттерін енгізіңіз.
Бет баптаулары бетін таңдаңыз.
Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.
Басып шығару батырмасын шертіңіз.
8 беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңызды 8 беттік қылу үшін оған 3 бос бет қосуды қалауыңыз мүмкін. Ол үшін:
LibreOffice Writer арқылы 3 беттік бос PDF құжатын жасаңыз.
PDF-Shuffler көмегімен бос беттерді соңына қойып, бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.
8 беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.