11 беттік кітапша

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  2. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Ауқым астында Беттер таңдаңыз.

    Бет нөмірлерін келесі ретпен теріңіз: 11, 2, 1

  3. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Жайма астындағы Екі жақты мәзірінен Қысқа жиегі (Аударып ауыстыру) таңдаңыз.

    Бір жағындағы беттер опциясында 2 таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Оңнан солға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  4. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Басып шығару батырмасын басыңыз.

  5. Жалпы бетін таңдаңыз.

    Қалған беттердің нөмірлерін келесі ретпен теріңіз: 10, 3, 4, 9, 8, 5, 6, 7

  6. Бет баптаулары бетін таңдаңыз.

    Беттер реті мәзірінен Солдан оңға қарай таңдаңыз.

    Басып шығару батырмасын шертіңіз.

12 беттік кітапшаны басып шығару оңайырақ. PDF құжатыңызды 12 беттік қылу үшін оған бос бет қосуды қалауыңыз мүмкін. Ол үшін:

  1. LibreOffice Writer арқылы бос PDF құжатын жасаңыз.

  2. PDF-Shuffler көмегімен бос бетті соңына қойып, бос PDF-ті құжатыңызбен біріктіріңіз.

  3. 12 беттік кітапшаны басып шығару қадамдарын орындаңыз.