Аудармаларды жақсартуға қатысу

GNOME көмек мәтіндерін бүкіл әлемдегі еріктілер қауымдастығы аударады және әлі де аударманы қажет ететін көптеген тілдер бар.

Аударуды бастау үшін тіркелгі жасаңыз және өз тіліңіздің аудару тобына қосылыңыз. Бұл сізге жаңа аудармаларды жүктеп салу мүмкіндігін береді.

Басқа GNOME аудармашыларымен #i18n:gnome.org Matrix бөлмесінде байланысыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Matrix арқылы көмек алу бетін қараңыз. Егер қаласаңыз, GNOME IRC серверінде #gnome-i18n IRC арнасы да бар. Бұл бөлмелердегі адамдар бүкіл әлемде орналасқандықтан, жауап алу үшін біраз уақыт кетуі мүмкін.

Сонымен қатар, GNOME Discourse арқылы Интернационалдандыру тобымен байланысуға болады.