IRC
IRC — Internet Relay Chat дегенді білдіреді. Бұл нақты уақыттағы көп пайдаланушылы хабарлама алмасу жүйесі. Сіз GNOME IRC серверінде басқа GNOME пайдаланушылары мен әзірлеушілерінен көмек пен кеңес ала аласыз.
GNOME IRC серверіне қосылу үшін Polari немесе HexChat пайдаланыңыз.
Polari ішінде IRC тіркелгісін жасау үшін Polari құжаттамасын қараңыз.
GNOME IRC сервері — irc.libera.chat. Егер компьютеріңіз дұрыс бапталған болса, gnome арнасына қол жеткізу үшін irc://irc.libera.chat/gnome сілтемесін шертуге болады.
IRC нақты уақыттағы талқылау ортасы болғанымен, адамдар бірден жауап бермеуі мүмкін, сондықтан шыдамдылық танытыңыз.
IRC-де сөйлескен кезде GNOME әдеп кодексі қолданылатынын ескеріңіз.