Осы нұсқаулықты жақсартуға қатысыңыз

Мәселе туралы хабарлау

Бұл көмек құжаттамасын еріктілер қауымдастығы жасаған. Қатысуыңызға болады. Егер сіз осы көмек беттерінде мәселені байқасаңыз (мысалы, қателер, қате нұсқаулар немесе қамтылуы керек, бірақ қамтылмаған тақырыптар), жаңа мәселе жібере аласыз. Жаңа мәселені жіберу үшін мәселелер трекеріне өтіңіз.

Мәселені жіберу және оның күйі туралы жаңартуларды электрондық пошта арқылы алу үшін тіркелуіңіз керек. Егер сізде тіркелгі жоқ болса, оны жасау үшін Кіру / Тіркелу батырмасын шертіңіз.

Тіркелгіңіз болғаннан кейін, жүйеге кіргеніңізге көз жеткізіңіз, содан кейін құжаттама мәселелерінің трекеріне оралып, Жаңа мәселе батырмасын шертіңіз. Жаңа мәселе туралы хабарламас бұрын, ұқсас мәселенің бар-жоғын көру үшін шолыңыз.

Мәселені жібермес бұрын, Белгілер мәзірінен сәйкес белгіні таңдаңыз. Егер сіз осы құжаттамаға қатысты мәселе жіберсеңіз, gnome-help белгісін таңдауыңыз керек. Мәселеңіздің қай компонентке қатысты екеніне сенімді болмасаңыз, ештеңе таңдамаңыз.

Егер сіз қамтылмаған деп санайтын тақырып бойынша көмек сұрасаңыз, белгі ретінде Мүмкіндік таңдаңыз. Тақырыбы мен Сипаттамасы бөлімдерін толтырып, Мәселені жіберу батырмасын шертіңіз.

Мәселеңізге ID нөмірі беріледі және ол қаралған сайын оның күйі жаңартылып отырады. GNOME көмек бөлімін жақсартуға көмектескеніңіз үшін рақмет!

Бізбен байланысу

GNOME құжаттамасының басқа редакторларымен #docs:gnome.org Matrix бөлмесінде байланысыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Matrix бойынша көмек алу бетін қараңыз. Қаласаңыз, GNOME IRC серверінде #gnome-docs IRC арнасы да бар. Бұл бөлмелердегі адамдар бүкіл әлемде орналасқандықтан, жауап алу үшін біраз уақыт кетуі мүмкін.

Сонымен қатар, Құжаттама тобымен GNOME Discourse арқылы байланысуға болады.

Біздің вики бетімізде қалай қосылуға және үлес қосуға болатыны туралы пайдалы ақпарат бар.