Пернетақтамен навигация

Бұл бетте тышқанды немесе басқа нұсқау құрылғысын пайдалана алмайтын немесе пернетақтаны мүмкіндігінше көбірек пайдаланғысы келетін адамдар үшін пернетақта навигациясы егжей-тегжейлі сипатталған. Барлық пайдаланушылар үшін пайдалы пернетақта жарлықтарын көру үшін оның орнына Пайдалы пернетақта жарлықтары қараңыз.

Егер тышқан сияқты нұсқау құрылғысын пайдалана алмасаңыз, пернетақтадағы сандық пернетақта арқылы тышқан курсорын басқара аласыз. Толығырақ ақпаратты Сандық блок көмегімен шерту және тышқан курсорын жылжыту бөлімінен қараңыз.

Пайдаланушы интерфейстері бойынша навигация

Tab және

Ctrl+Tab

Пернетақта фокусын әртүрлі басқару элементтері арасында жылжыту. Ctrl+Tab басқару элементтерінің топтары арасында, мысалы, бүйірлік панельден негізгі мазмұнға ауысады. Сондай-ақ Ctrl+Tab мәтіндік аймақ сияқты Tab пернесінің өзін пайдаланатын басқару элементінен шығуға мүмкіндік береді.

Фокусты кері ретпен жылжыту үшін Shift пернесін басып тұрыңыз.

Бағдарша пернелері

Бір басқару элементіндегі элементтер арасында немесе байланысты басқару элементтерінің жиынтығы арасында таңдауды жылжыту. Құралдар панеліндегі батырмаларға фокустау, тізім немесе тор көрінісінде элементтерді таңдау немесе топтан радиобатырманы таңдау үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.

Ctrl+бағдарша пернелері

Тізім немесе тор көрінісінде қай элемент таңдалғанын өзгертпей, пернетақта фокусын басқа элементке жылжыту.

Shift+бағдарша пернелері

Тізім немесе тор көрінісінде ағымдағы таңдалған элементмен жаңадан фокусталған элементке дейінгі барлық элементтерді таңдау.

Иерархиялық тізімде ішкі элементтері бар элементтерді оларды көрсету немесе жасыру үшін жаюға немесе жинауға болады: Shift+ басу арқылы жаю және Shift+ басу арқылы жинау.

Бос орын

Батырма, құсбелгі немесе тізім элементі сияқты фокусталған элементті белсендіру.

Ctrl+Бос орын

Тізім немесе тор көрінісінде басқа элементтердің таңдауын алмай, фокусталған элементті таңдау немесе таңдауын алып тастау.

Alt

Жеделдеткіштерді: мәзір элементтеріндегі, батырмалардағы және басқа басқару элементтеріндегі асты сызылған әріптерді көрсету үшін Alt пернесін басып тұрыңыз. Басқару элементін оны шерткендей белсендіру үшін Alt және асты сызылған әріпті басыңыз.

Esc

Мәзірден, қалқымалы терезеден, ауыстырғыштан немесе сұхбат терезесінен шығу.

F10

Терезенің мәзір жолағындағы бірінші мәзірді ашу. Мәзірлер бойынша навигация жасау үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.

Shift+F10 немесе

Мәзір

Ағымдағы таңдалған элемент үшін контекстік мәзірді оң жақ батырмамен шерткендей ашу.

Ctrl+F10

Файлдар менеджерінде қандай да бір элементті емес, фонды оң жақ батырмамен шерткендей ағымдағы буманың контекстік мәзірін ашу.

Ctrl+PageUp

және

Ctrl+PageDown

Беттері бар интерфейсте сол жақтағы немесе оң жақтағы бетке ауысу.

Жұмыс үстелі бойынша навигация

Super пернесі

Іс-әрекеттер шолуы мен жұмыс үстелі арасында ауысу. Шолуда қолданбаларды, контактілерді және құжаттарды бірден іздеу үшін тере бастаңыз.

Super+Tab

Терезелер арасында жылдам ауысу. Кері ретпен ауысу үшін Shift пернесін басып тұрыңыз.

Super+`

Бір қолданбаның терезелері арасында немесе Super+Tab пернелерінен кейін таңдалған қолданбаның ішінде ауысу.

Бұл жарлық АҚШ пернетақталарында ` пернесін пайдаланады, онда ` пернесі Tab пернесінің үстінде орналасқан. Барлық басқа пернетақталарда бұл жарлық — Super және Tab үстіндегі перне.

Ctrl+Alt+Tab

Пернетақта фокусын жоғарғы панельге беру. Іс-әрекеттер шолуында пернетақта фокусын жоғарғы панель, панель, терезелер шолуы, қолданбалар тізімі және іздеу өрісі арасында ауыстыру. Шарлау үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.

Super+Page Up

және

Super+Page Down

Жұмыс орындары арасында ауысу.

Alt+F6

Бір қолданбаның терезелері арасында ауысу. Alt пернесін басып тұрып, қажетті терезе ерекшеленгенше F6 басыңыз, содан кейін Alt жіберіңіз. Бұл Alt+` мүмкіндігіне ұқсас.

Alt+Esc

Жұмыс орнындағы барлық ашық терезелер арасында ауысу.

Super+V

Хабарландырулар тізімін ашу. Жабу үшін Esc басыңыз.

Терезелер бойынша навигация

Alt+F4

Ағымдағы терезені жабу.

Alt+F5 немесе Super+

Жайылған терезені бастапқы өлшеміне қайтару. Жайып жіберу үшін Alt+F10 пайдаланыңыз. Alt+F10 терезені әрі жаяды, әрі қайтарады.

Alt+F7

Ағымдағы терезені жылжыту. Alt+F7 басыңыз, содан кейін терезені жылжыту үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз. Жылжытуды аяқтау үшін Enter, ал оны бастапқы орнына қайтару үшін Esc басыңыз.

Alt+F8

Ағымдағы терезенің өлшемін өзгерту. Alt+F8 басыңыз, содан кейін терезенің өлшемін өзгерту үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз. Өлшемін өзгертуді аяқтау үшін Enter, ал оны бастапқы өлшеміне қайтару үшін Esc басыңыз.

Shift+Super+Page Up

және

Shift+Super+Page Down

Ағымдағы терезені басқа жұмыс орнына жылжыту.

Shift+Super+

Ағымдағы терезені бір мониторға солға жылжыту.

Shift+Super+

Ағымдағы терезені бір мониторға оңға жылжыту.

Alt+F10 немесе Super+

Терезені жайып жіберу. Жайылған терезені бастапқы өлшеміне қайтару үшін Alt+F10 немесе Super+ басыңыз.

Super+H

Терезені жинап қою.

Super+

Терезені экранның сол жақ жиегі бойымен вертикалды жайып жіберу. Терезені алдыңғы өлшеміне қайтару үшін қайтадан басыңыз. Жақтарды ауыстыру үшін Super+ басыңыз.

Super+

Терезені экранның оң жақ жиегі бойымен вертикалды жайып жіберу. Терезені алдыңғы өлшеміне қайтару үшін қайтадан басыңыз. Жақтарды ауыстыру үшін Super+ басыңыз.

Alt+Бос орын

Терезе мәзірін оның тақырып жолағын оң жақ батырмамен шерткендей ашу.