Терезелер арасында ауысу

Терезелерді ауыстырып-қосқышта графикалық интерфейсі бар барлық жұмыс істеп тұрған қолданбаларды көруге болады. Бұл тапсырмалар арасында ауысуды бір қадамдық процесс етеді және қандай қолданбалардың жұмыс істеп тұрғаны туралы толық мәлімет береді.

Жұмыс орнынан:

  1. Терезелерді ауыстырып-қосқышты шығару үшін Super+Tab басыңыз.

  2. Ауыстырып-қосқыштағы келесі (ерекшеленген) терезені таңдау үшін Super пернесін жіберіңіз.

  3. Әйтпесе, Super пернесін әлі де басып тұрып, ашық терезелер тізімін айналып шығу үшін Tab немесе кері айналу үшін Shift+Tab пернелерін басыңыз.

Терезелерді ауыстырып-қосқыштағы терезелер қолданба бойынша топтастырылған. Шерткен кезде бірнеше терезесі бар қолданбалардың алдын ала қараулары төмен түседі. Тізім бойынша жүру үшін Super пернесін басып тұрып, ` (немесе Tab үстіндегі перне) басыңыз.

Сондай-ақ терезелерді ауыстырып-қосқыштағы қолданба таңбашалары арасында немесе пернелерімен жылжып немесе біреуін тышқанмен шерту арқылы таңдай аласыз.

Бір терезесі бар қолданбалардың алдын ала қарауын пернесі арқылы көрсетуге болады.

Іс-әрекеттер шолуында терезеге шерту арқылы оған ауысыңыз және шолудан шығыңыз. Егер сізде бірнеше ашық жұмыс орындары болса, әрбір жұмыс орнындағы ашық терезелерді көру үшін әрбір жұмыс орнына шертуге болады.