Пайдалы пернетақта жарлықтары

Бұл бетте жұмыс үстелін және қолданбаларды тиімдірек пайдалануға көмектесетін пернетақта жарлықтарының шолуы берілген. Егер тышқанды немесе нұсқау құрылғысын мүлдем пайдалана алмасаңыз, тек пернетақта арқылы пайдаланушы интерфейстерін шарлау туралы қосымша ақпаратты Пернетақтамен навигация бөлімінен қараңыз.

Жұмыс үстелін шарлау

Super пернесі

Іс-әрекеттер шолуы мен жұмыс үстелі арасында ауысу. Шолуда қолданбаларды, контактілерді және құжаттарды бірден іздеу үшін тере бастаңыз.

Alt+F2

Командалық терезені шығару (командаларды жылдам орындау үшін).

Бұрын орындалған командаларға тез қол жеткізу үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.

Super+Tab

Терезелер арасында жылдам ауысу. Кері ретпен ауысу үшін Shift пернесін басып тұрыңыз.

Super+`

Бір қолданбаның терезелері арасында немесе Super+Tab пернелерінен кейін таңдалған қолданбаның ішінде ауысу.

Бұл жарлық АҚШ пернетақталарында ` пернесін пайдаланады, онда ` пернесі Tab пернесінің үстінде орналасқан. Барлық басқа пернетақталарда бұл жарлық — Super және Tab үстіндегі перне.

Alt+Esc

Ағымдағы жұмыс орнындағы терезелер арасында ауысу. Кері ретпен ауысу үшін Shift пернесін басып тұрыңыз.

Ctrl+Alt+Tab

Пернетақта фокусын жоғарғы панельге беру. Іс-әрекеттер шолуында пернетақта фокусын жоғарғы панель, панель, терезелер шолуы, қолданбалар тізімі және іздеу өрісі арасында ауыстыру. Шарлау үшін бағдарша пернелерін пайдаланыңыз.

Super+A

Қолданбалар тізімін көрсету.

Super+Page Up

және

Super+Page Down

Жұмыс орындары арасында ауысу.

Shift+Super+Page Up

және

Shift+Super+Page Down

Ағымдағы терезені басқа жұмыс орнына жылжыту.

Shift+Super+

Ағымдағы терезені бір мониторға солға жылжыту.

Shift+Super+

Ағымдағы терезені бір мониторға оңға жылжыту.

Ctrl+Alt+Delete

Қуатты өшіру сұхбат терезесін көрсету.

Super+L

Экранды құлыптау.

Super+V

Хабарландырулар тізімін көрсету. Жабу үшін Super+V пернелерін қайтадан басыңыз немесе Esc басыңыз.

Жалпы түзету жарлықтары

Ctrl+A

Барлық мәтінді немесе тізімдегі элементтерді таңдау.

Ctrl+X

Таңдалған мәтінді немесе элементтерді қиып алу (өшіру) және оны алмасу буферіне орналастыру.

Ctrl+C

Таңдалған мәтінді немесе элементтерді алмасу буферіне көшіру.

Ctrl+V

Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру.

Ctrl+Z

Соңғы әрекетті болдырмау.

Ctrl+Shift+C

Терминалда ерекшеленген мәтінді немесе командаларды алмасу буферіне көшіру.

Ctrl+Shift+V

Алмасу буферінің мазмұнын Терминалға кірістіру.