Терезені жаймалау және қайтару

Терезені жұмыс үстеліндеғы барлық орынды алатындай етіп жаймалауға немесе қалыпты өлшеміне келтіру үшін қайтаруға болады. Сондай-ақ екі терезені бір уақытта оңай қарау үшін терезелерді экранның сол және оң жақтарына вертикалды түрде жаймалауға болады. Толығырақ мәліметті Терезелерді қатар орналастыру бөлімінен қараңыз.

Терезені жаймалау үшін тақырып жолағынан ұстап, оны экранның жоғарғы жағына сүйреңіз немесе тақырып жолағын екі рет шертіңіз. Терезені пернетақта көмегімен жаймалау үшін Super пернесін басып тұрып, басыңыз немесе Alt+F10 басыңыз.

Терезенің жаймаланбаған өлшемін қалпына келтіру үшін оны экран жиектерінен ары сүйреңіз. Егер терезе толық жаймаланған болса, оны қалпына келтіру үшін тақырып жолағын екі рет шертуге болады. Сондай-ақ терезені жаймалау үшін пайдаланылған пернетақта жарлықтарын пайдалана аласыз.

Терезені жылжыту үшін Super пернесін басып тұрып, терезенің кез келген жерінен сүйреңіз.