Сандық блок көмегімен шерту және тышқан курсорын жылжыту
Егер сізге тышқанды немесе басқа нұсқау құрылғысын пайдалану қиын болса, тышқан курсорын пернетақтадағы сандық блок арқылы басқаруға болады. Бұл мүмкіндік тышқан пернелері деп аталады.
-
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Әрекеттер шолуына оны басу арқылы, тышқан курсорын экранның жоғарғы сол жақ бұрышына апару арқылы, Ctrl+Alt+Tab пернелерін басып, содан кейін Enter басу арқылы немесе Super пернесін пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Нұсқау және шерту бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Тышқан пернелері ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.
Num Lock сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз. Енді тышқан курсорын сандық блок арқылы жылжыта аласыз.
Сандық блок — бұл пернетақтадағы, әдетте шаршы тор түрінде орналасқан сандық батырмалар жиынтығы. Егер сізде сандық блогы жоқ пернетақта болса (мысалы, ноутбук пернетақтасы), функциялық (Fn) пернесін басып тұрып, пернетақтадағы кейбір басқа пернелерді сандық блок ретінде пайдалануыңыз қажет болуы мүмкін. Егер сіз бұл мүмкіндікті ноутбукте жиі пайдалансаңыз, сыртқы USB немесе Bluetooth сандық пернетақталарын сатып алуға болады.
Сандық блоктағы әрбір сан бір бағытқа сәйкес келеді. Мысалы, 8 пернесін басу курсорды жоғары жылжытады, ал 2 пернесін басу оны төмен жылжытады. Тышқанмен бір рет шерту үшін 5 пернесін басыңыз немесе қос шерту үшін оны екі рет жылдам басыңыз.
Көптеген пернетақталарда оң жақ шертуді орындауға мүмкіндік беретін арнайы перне болады, ол кейде Мәзір пернесі деп аталады. Бірақ бұл перне тышқан курсорының орнына емес, пернетақта фокусының орнына жауап беретінін ескеріңіз. 5 немесе сол жақ тышқан батырмасын басып тұру арқылы оң жақ шертуді қалай орындау керектігі туралы ақпаратты Тышқанның оң жақ шертуін имитациялау бөлімінен қараңыз.
Егер тышқан пернелері іске қосулы кезде сандарды теру үшін сандық блокты пайдаланғыңыз келсе, Num Lock пернесін іске қосыңыз. Бірақ Num Lock қосулы кезде тышқанды сандық блокпен басқару мүмкін емес.
Пернетақтаның жоғарғы жағында қатар орналасқан кәдімгі сандық пернелер тышқан курсорын басқармайды. Тек сандық блоктағы сандық пернелерді пайдалануға болады.