Хабарландырулар және хабарландырулар тізімі

Хабарландыру дегеніміз не?

Егер қолданба немесе жүйелік компонент назарыңызды аударғысы келсе, экранның жоғарғы жағында немесе құлыптау экранында хабарландыру көрсетіледі.

Мысалы, жаңа чат хабарламасын немесе жаңа электрондық пошта алсаңыз, хабарландыру келеді. Чат хабарландыруларына ерекше мән беріледі және олар сізге хабарлама жіберген жеке контактілер арқылы көрсетіледі.

Басқа хабарландыруларда таңдауға болатын опциялар батырмалары болады. Осы хабарландырулардың бірін ешбір опцияны таңдамай жабу үшін, жабу батырмасын шертіңіз.

Кейбір хабарландыруларда жабу батырмасын шерту оларды өшіреді. Rhythmbox немесе чат қолданбасы сияқты басқалары хабарландырулар тізімінде жасырылған күйде қалады.

Хабарландырулар тізімі

Хабарландырулар тізімі сізге ыңғайлы уақытта хабарландыруларға қайта оралу мүмкіндігін береді. Ол сағатты шерткенде немесе Super+V пернелерін басқанда пайда болады. Хабарландырулар тізімінде сіз әрекет етпеген немесе онда тұрақты сақталатын барлық хабарландырулар болады.

Хабарландыруды тізімнен оны шерту арқылы көре аласыз. Хабарландырулар тізімін Super+V пернелерін қайта басу немесе Esc арқылы жаба аласыз.

Хабарландырулар тізімін босату үшін Тізімді тазарту батырмасын шертіңіз.

Хабарландыруларды жасыру

Егер сіз бір нәрсемен жұмыс істеп жатсаңыз және мазалағанын қаламасаңыз, хабарландыруларды сөндіре аласыз.

Барлық хабарландыруларды хабарландырулар тізімін ашып, төменгі жағындағы Мазаламау режимін іске қосу арқылы жасыра аласыз. Немесе:

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  2. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  3. Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Хабарландырулар бөлімін шертіңіз.

  4. Мазаламау режимін іске қосыңыз.

Мазаламау режимі іске қосылғанда, тек батарея қуаты таусылғаны сияқты өте маңызды хабарландырулар экранның жоғарғы жағында пайда болады. Барлық хабарландырулар (сағатты шерту немесе Super+V пернелерін басу арқылы) хабарландырулар тізімінде қолжетімді болады және Мазаламау режимін өшіргенде олар қайтадан шыға бастайды.

Сондай-ақ Хабарландырулар панелінен жеке қолданбалар үшін хабарландыруларды сөндіруге немесе қайта іске қосуға болады.

Құлыптау экранының хабарландыруларын жасыру

Экран құлыпталғанда, хабарландырулар құлыптау экранында пайда болады. Жекелік мақсатында бұл хабарландыруларды жасыру үшін құлыптау экранын баптай аласыз.

Экран құлыпталған кезде хабарландыруларды өшіру үшін:

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  2. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  3. Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Хабарландырулар бөлімін шертіңіз.

  4. Құлыптау экранындағы хабарландырулар опциясын өшіріңіз.