Терезені басқа жұмыс орнына жылжыту

Тышқанды пайдалану:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашыңыз.

  2. Терезеге шертіп, оны экран жиегінде жартылай көрсетілген жұмыс орнына сүйреңіз.

  3. Егер бірнеше жұмыс орны пайдаланылып жатса, терезені іздеу өрісі мен терезелер тізімі арасындағы жұмыс орындарын таңдаушыдағы көрші емес жұмыс орындарының біріне тастауға болады. Енді бұл жұмыс орнында сіз тастаған терезе болады, ал жұмыс орындарын таңдаушының соңында жаңа бос жұмыс орны пайда болады.

Пернетақтаны пайдалану:

  1. Жылжытқыңыз келетін терезені таңдаңыз (мысалы, Super+Tab терезелерді ауыстырып-қосқышы арқылы).

  2. Терезені жұмыс орындарын таңдаушыдағы ағымдағы жұмыс орнынан сол жақтағы жұмыс орнына жылжыту үшін Super+Shift+Page Up басыңыз.

    Терезені жұмыс орындарын таңдаушыдағы ағымдағы жұмыс орнынан оң жақтағы жұмыс орнына жылжыту үшін Super+Shift+Page Down басыңыз.