Жұмыс орындары арасында ауысу
Тышқанды пайдалану:
Іс-әрекеттер шолуын ашыңыз.
-
Келесі жұмыс орнындағы ашық терезелерді көру үшін ағымдағы жұмыс орнының оң жағында жартылай көрсетілген жұмыс орнына шертіңіз. Егер ағымдағы таңдалған жұмыс орны ең сол жақтағы болмаса, алдыңғы жұмыс орнын көру үшін сол жақта жартылай көрсетілген жұмыс орнына шертіңіз.
Егер бірнеше жұмыс орны пайдаланылып жатса, басқа жұмыс орнына тікелей қол жеткізу үшін іздеу өрісі мен терезелер тізімі арасындағы жұмыс орындарын таңдаушыға шертуге де болады.
Жұмыс орнын белсендіру үшін жұмыс орнына шертіңіз.
Пернетақтаны пайдалану:
Жұмыс орындарын таңдаушыда ағымдағы жұмыс орнынан сол жақта көрсетілген жұмыс орнына өту үшін Super+Page Up немесе Ctrl+Alt+← басыңыз.
Жұмыс орындарын таңдаушыда ағымдағы жұмыс орнынан оң жақта көрсетілген жұмыс орнына өту үшін Super+Page Down немесе Ctrl+Alt+→ басыңыз.