Super пернесі дегеніміз не?
Super пернесін басқанда Іс-әрекеттер көрінісі көрсетіледі. Бұл перне әдетте пернетақтаңыздың төменгі сол жағында, Alt пернесінің жанында орналасады және әдетте оның үстінде Windows логотипі болады. Ол кейде Windows пернесі немесе жүйелік перне деп аталады.
Егер сізде Apple пернетақтасы болса, Windows пернесінің орнына ⌘ (Command) пернесі болады, ал Chromebook компьютерлерінде оның орнына үлкейту шынысы болады.
Іс-әрекеттер көрінісін көрсету үшін қай перне пайдаланылатынын өзгерту үшін:
Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.
Баптаулар үстінен шертіңіз.
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Пернетақта тармағын шертіңіз.
Пернетақта жарлықтары бөлімінде Жарлықтарды көру және теңшеу таңдаңыз.
Жүйе санатын таңдаңыз.
Іс-әрекеттерге шолуды көрсету жолын шертіңіз.
Қажетті пернелер тіркесімін басып тұрыңыз.