Парольдерді есте сақтау

Веб-сайт үшін пайдаланушы аты мен паролін енгізгенде, әдетте кіру мәліметтерін есте сақтау керектігі туралы сұралады. Бұл баптаудың іске қосылғанын тексеруге немесе Баптаулар ішінде параметрлерді өзгертуге болады.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар ▸ Жекелік таңдаңыз.

  2. Егер баптауларыңыз парольдерді сақтауға орнатылған болса, Парольдерді есте сақтау қосқышы қосулы болады. Web парольдерді есте сақтауын тоқтату үшін оны сөндіріңіз.