Веб-қолданбасын жасау
Веб-беттерді Веб-қолданба ретінде сақтай аласыз. Бұл Іс-әрекеттер шолуына бетке сілтеме қосады. Веб-қолданбаны ашқан кезде, ол адрес жолағы немесе мәзірлері жоқ арнайы терезе түрінде көрсетіледі.
Сақтағыңыз келетін веб-бетті ашыңыз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Веб-қолданба ретінде орнату… таңдаңыз.
Веб-қолданбаңызға ат беріп, Жасау батырмасын басыңыз.
Енді Веб-қолданбаны Іс-әрекеттер шолуынан іске қоса аласыз. Қолданбаңызды іздеу үшін атын тере бастаңыз, ол басқа іздеу нәтижелерімен бірге көрсетіледі.