Cookie файлын өшіру
Браузердің cookie файлы — бұл веб-сайтты шолу кезінде веб-сайттан жіберілген және компьютеріңізде сақталған шағын деректер бөлігі. Болашақта сол веб-сайтқа қайта оралғанда, веб-сайтқа алдыңғы әрекетіңіз туралы хабарлау үшін cookie файлында сақталған деректерді веб-сайт ала алады. Cookies — бұл белгілі бір веб-сайттағы тіркелгіге кіргеніңізді немесе кірмегеніңізді білу үшін веб-серверлер қолданатын жалпы әдіс.
Cookie қалдырғанын тексеріп, оны өшіре аласыз, бірақ веб-сайтқа қайта кірсеңіз, веб-сайттар әдетте сол cookie файлын қайта орнататынын ескеріңіз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар ▸ Жекелік ▸ Жеке деректерді тазарту таңдаңыз.
Өшіргіңіз келетін cookie файлдарын таңдаңыз. Тек бірнеше доменді белгілей аласыз немесе барлық домендерді бірден таңдау үшін Cookies белгілеуге болады.
Деректерді тазарту батырмасын басыңыз.
Егер веб-сайт сақтаған cookie файлдарын өшіргіңіз келсе, сіз сол веб-сайт сақтаған басқа деректерді де өшіргіңіз келетін шығар.