Пайдаланушы CSS
Web сізге кіретін әрбір веб-беттің сыртқы түрін өзгерту үшін пайдаланушы CSS орнатуға мүмкіндік береді. Мұны таңдаулы қаріп өлшемін немесе түс схемасын орнату үшін жасағыңыз келуі мүмкін.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар ▸ Сыртқы түрі таңдаңыз.
Стиль бөлімінде Пайдаланушы стильдер кестесін қолдану қосқышын іске қосыңыз.
Қалам таңбашасына шертіңіз.
Әдепкі мәтіндік редакторыңыз ашылады. Пайдаланушы CSS-ті қосып, файлды сақтаңыз.
Пайдаланушы CSS мысалы:
body{
/*Бәрін төңкеріп аудару*/
-webkit-transform: rotate(180deg);
}Пайдаланушы CSS оны іске қосқаннан кейін кіретін беттердегі стильдер кестесін алмастырады.