Вебті шолу
Веб-браузерлерді интернет байланысы болған кезде интернеттегі беттерді көру үшін пайдалануға болады. Вебті шолуды бастау үшін:
Web қолданбасын іске қосқан кезде, курсор терезенің жоғарғы жағындағы мәтін енгізу өрісінде болуы керек. Сіз кіргіңіз келетін веб-беттің URL мекенжайын немесе іздеу сөзін теріңіз.
Веб-бетке өту немесе іздеу үшін return пернесін басыңыз.
Беттер бір терезеде бірден көп веб-бетті көру үшін пайдаланылады. Web қолданбасын алғаш рет іске қосқанда, сізге ешқандай бет көрсетілмейді. Жаңа бетті ашу үшін экранның жоғарғы сол жағындағы жаңа бет батырмасын басыңыз. Жаңа бет ашылғаннан кейін, оны қалыпты жаңа терезе сияқты пайдалана аласыз.
Сондай-ақ жаңа бетті ашу үшін Ctrl+T пернетақта жарлығын немесе терезенің жоғарғы сол жағындағы жаңа бет батырмасын пайдалануға болады.
Сілтемені жаңа бетте ашу үшін сілтемеге оң жақпен шертіп, Сілтемені жаңа бетте ашу таңдаңыз немесе сілтемені шерту үшін тышқанның ортаңғы батырмасын пайдаланыңыз.