Файлдарды жүктеп алу

Интернеттен жүктеп алынған файлдар, мысалы, электрондық пошта тіркемелері, автоматты түрде Жүктемелер бумасына сақталады. Мұны Баптаулар ішінде өзгертуге болады.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар ▸ Жалпы таңдаңыз.

  2. Жүктемелер үшін басқа буманы таңдау үшін Жүктемелер бумасы атын басыңыз. Егер пайдаланғыңыз келетін бума тізімде болмаса, оны шолу үшін Басқа… таңдаңыз.

  3. Егер файлды жүктеп алған сайын қай буманы пайдалануды таңдағыңыз келсе, Жүктеу кезінде сұрау қосқышын іске қосыңыз.

Егер файлды жүктеп алудың орнына сақтасаңыз, оны қайда сақтағыңыз келетінін көрсетуіңіз керек болады.

Егер Web іске қосу үшін Flatpak пайдалансаңыз, жүктемелердің қайда сақталатынын таңдау мүмкін емес. Жүктемелер әрқашан Жүктемелер бумасына сақталады.