Парольдерді басқару

Барлық парольдеріңізді сақтай аласыз, осылайша веб-сайтқа кіргіңіз келген сайын оларды қайта енгізудің қажеті болмайды.

Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, сақталған парольдерді көру үшін Баптаулар ▸ Жекелік ▸ Парольдер таңдаңыз.

Сақталған парольдерді өшіру

Сақталған парольді кез келген уақытта өшіре аласыз.

  1. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар ▸ Жекелік ▸ Парольдер таңдаңыз.

  2. Жоғарғы оң жақтағы іздеу батырмасын шертіп, веб-сайттың адресін енгізіңіз.

  3. Мәліметтерін ашу үшін элементке шертіңіз.

  4. Сақталған парольді өшіру үшін Парольді өшіру батырмасын басыңыз.

Парольдер тізімінің төменгі оң жағындағы кілт батырмасын басу арқылы сақталған парольдерді көруге болады.

Сондай-ақ Барлығын тазарту батырмасын пайдаланып, барлық сақталған парольдерді өшіре аласыз.

Парольді жаңарту

Егер Web қолданбасында сақталған парольді өзгерткен болсаңыз, оны жаңартуыңыз керек.

Парольді өзгертуді аяқтағаннан кейін:

  1. Пароль сақталған және енді өзгертілген сол веб-бетке кіріңіз.

  2. Ескі сақталған пароліңіз Web тарапынан пароль өрісіне автоматты түрде теріледі, сондықтан пароль өрісін тазартыңыз.

  3. Пароль өрісіне жаңа пароліңізді теріңіз.

  4. Парольді Web ішінде сақтау керектігі туралы сұралады. Аяқтау үшін Сақтау басыңыз. Бұл веб-бет үшін ескі пароліңізді жаңартады.