Қаріпті өзгерту
Әдепкі бойынша, мүмкіндігінше веб-беттерді көрсету үшін жүйелік қаріп пайдаланылады. Егер Үлкен мәтін қолжетімділік баптауын пайдалансаңыз, бұл ескерілетін болады. Мұны өзгертуге және веб-сайттарды көру үшін басқа қаріптерді пайдалануға болады.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар ▸ Сыртқы түрі таңдаңыз.
Пайдаланушы қаріптерді қолдану қосқышын іске қосыңыз.
Басқа қаріп түрін немесе өлшемін таңдауға болатын қаріп таңдау сұхбат терезесін ашу үшін қаріпке шертіңіз.
Таңдауыңызды сақтау үшін Таңдау батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ қаріп өлшемін Ctrl++ арқылы үлкейтуге және Ctrl+- арқылы кішірейтуге болады.