Веб-сайт деректерін сақтау баптауын орнату
Веб-сайт деректерін қабылдау керектігін және қай веб-сайттардан екенін көрсете аласыз.
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзір батырмасын басып, Баптаулар ▸ Жекелік таңдаңыз.
Веб-сайт деректерін қабылдау керектігін таңдаңыз.
Веб-сайт деректеріне cookie файлдары, дерекқорлар және жергілікті сақтау деректері кіреді.
Браузердің cookie файлы — бұл веб-сайтты шолу кезінде веб-сайттан жіберілген және компьютеріңізде сақталған шағын деректер бөлігі. Болашақта сол веб-сайтқа қайта оралғанда, веб-сайтқа алдыңғы әрекетіңіз туралы хабарлау үшін cookie файлында сақталған деректерді веб-сайт ала алады. Cookies — бұл белгілі бір веб-сайттағы тіркелгіге кіргеніңізді немесе кірмегеніңізді білу үшін веб-серверлер қолданатын жалпы әдіс.
Егер веб-сайт деректерін сақтауды қабылдамасаңыз, кейбір веб-сайттарда тіркелгілерге кіру, баптауларыңызды сақтау немесе себетке элементтерді қоса алмау сияқты мәселелер туындауы мүмкін. Веб-сайт деректерін сақтауды іске қосулы қалдыру ұсынылады.