Пернетақта жарлықтарын орнату
Пернетақта жарлығы үшін басылатын пернені немесе пернелерді өзгерту үшін:
Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.
Баптаулар үстінен шертіңіз.
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Пернетақта тармағын шертіңіз.
Пернетақта жарлықтары бөлімінде Жарлықтарды көру және теңшеу таңдаңыз.
Қажетті санатты таңдаңыз немесе іздеу сөзін енгізіңіз.
Қажетті әрекет үшін жолды шертіңіз. Жарлықты орнату терезесі көрсетіледі.
Қажетті пернелер комбинациясын басып тұрыңыз немесе тастау үшін Backspace пернесін басыңыз немесе бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.
Алдын ала анықталған жарлықтар
Өзгертуге болатын бірқатар алдын ала бапталған жарлықтар бар, олар келесі санаттарға топтастырылған:
Таңдауыңызша жарлықтар
Пернетақта баптауларында өзіңіздің қолданба пернетақта жарлығын жасау үшін:
Таңдауыңызша жарлықтар таңдаңыз.
Егер әлі ешқандай таңдауыңызша жарлық орнатылмаған болса, Жарлықты қосу батырмасын шертіңіз. Әйтпесе + батырмасын шертіңіз. Таңдауыңызша жарлықты қосу терезесі пайда болады.
Жарлықты анықтау үшін Аты және қолданбаны іске қосу үшін Команда теріңіз. Мысалы, егер сіз жарлықтың Rhythmbox бағдарламасын ашқанын қаласаңыз, оны Музыка деп атап, rhythmbox командасын қолдана аласыз.
Жарлықты қосу… батырмасын шертіңіз. Таңдауыңызша жарлықты қосу терезесінде қажетті жарлық пернелер комбинациясын басып тұрыңыз.
Қосу шертіңіз.
Терген команда аты дұрыс жүйелік команда болуы тиіс. Команданың жұмыс істейтінін Терминалды ашып, сол жерде теру арқылы тексеруге болады. Қолданбаны ашатын команданың аты қолданбаның атымен бірдей болмауы керек.
Егер сіз таңдауыңызша пернетақта жарлығымен байланыстырылған команданы өзгерткіңіз келсе, жарлық жолын шертіңіз. Таңдауыңызша жарлықты орнату терезесі пайда болады, және сіз команданы түзете аласыз.