Құлыптау экраны
Құлыптау экраны компьютер құлыпталған кезде не болып жатқанын көруге мүмкіндік береді және сіз болмаған кездегі оқиғалардың қысқаша мазмұнын көрсетеді. Құлыптау экраны пайдалы ақпаратты ұсынады:
күн мен уақыт, және белгілі бір хабарландырулар
батарея және желі күйі
Компьютердің құлпын ашу үшін тышқанмен немесе тачпадпен бір рет шертіңіз, немесе Esc не Enter пернесін басыңыз. Бұл жүйеге кіру экранын ашады, онда құлпын ашу үшін парольді енгізе аласыз. Немесе, парольді тере бастасаңыз, жүйеге кіру экраны автоматты түрде пайда болады. Егер жүйеңізде бірнеше пайдаланушы болса, жүйеге кіру экранының төменгі оң жағында пайдаланушыны ауыстыра аласыз.
Құлыптау экранында хабарландыруларды жасыру үшін Құлыптау экранының хабарландыруларын жасыру қараңыз.