Автоматты түрде кіру

Компьютерді іске қосқан кезде тіркелгіңізге автоматты түрде кіру үшін баптауларды өзгерте аласыз:

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.

  4. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде пароліңізді енгізіңіз.

  5. Егер сіз басқа пайдаланушы тіркелгісіне автоматты түрде кіргіңіз келсе, Басқа пайдаланушылар астынан сол тіркелгіні таңдаңыз.

  6. Автоматты түрде кіру ауыстырып-қосқышын қосулы күйіне қойыңыз.

Келесі жолы компьютеріңізді іске қосқанда, сіз автоматты түрде кіресіз. Егер бұл опция іске қосылған болса, тіркелгіңізге кіру үшін парольді терудің қажеті болмайды, бұл дегеніміз, егер басқа біреу компьютеріңізді іске қосса, ол сіздің тіркелгіңізге және жеке деректеріңізге, соның ішінде файлдарыңыз бен браузер тарихына қол жеткізе алады дегенді білдіреді.

Егер тіркелгі түрі Стандартты болса, бұл баптауды өзгерте алмайсыз. Бұл баптауды сіз үшін өзгерте алатын жүйелік әкімшіге хабарласыңыз.