Арнайы баптауларды құлыптау

Dconf ішіндегі құлыптау режимін пайдалану арқылы пайдаланушыларға белгілі бір баптауларды өзгертуге тыйым сала аласыз. Жүйелік баптауларды құлыптамасаңыз, пайдаланушы баптаулары жүйелік баптаулардан басым болады.

dconf кілтін немесе ішкі жолын құлыптау үшін, кілттік файл бумасында locks ішкі бумасын жасауыңыз керек. Бұл буманың ішіндегі файлдар құлыпталатын кілттердің немесе ішкі жолдардың тізімін қамтиды. Кілттік файлдардағыдай, бұл бумаға кез келген файлдар санын қосуға болады.

Баптауды құлыптау

  1. Кілтті немесе ішкі жолды құлыптамас бұрын оны орнату керек. Бұл мысалда фон баптауын орнатылғаннан кейін қалай құлыптау керектігі көрсетілген.

    Осы кезде сізде құлыптағыңыз келетін баптаулары бар user профилі және кілттік файл болуы керек.

  2. /etc/dconf/db/local.d/locks атты бума жасаңыз.

  3. /etc/dconf/db/local.d/locks/ бумасында файл жасап, әр жолға бір кілтті немесе ішкі жолды жазыңыз. Мысалы, /etc/dconf/db/local.d/locks/00_default-wallpaper файлын жасаңыз:

    # фонды өзгертуге тыйым салу
    /org/gnome/desktop/background/picture-uri
    /org/gnome/desktop/background/picture-options
    /org/gnome/desktop/background/primary-color
    /org/gnome/desktop/background/secondary-color
  4. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update