Баспаға шығаруды сөндіру
Пайдаланушыларға басып шығару сұхбат терезесінің көрсетілуін сөндіруге болады. Бұл пайдаланушыға уақытша рұқсат берген жағдайда немесе пайдаланушының желілік принтерлерге басып шығаруын қаламаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.
Бұл мүмкіндік оны қолдайтын қолданбаларда ғана жұмыс істейді! Барлық GNOME және үшінші тарап қолданбаларында бұл мүмкіндік қосылмаған. Бұл өзгерістер бұл мүмкіндікті қолдамайтын қолданбаларға әсер етпейді.
Баспаға шығаруды сөндіру
-
Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:
/etc/dconf/profile/user
user-db:user system-db:locallocal — бұл dconf дерекқорының аты.
Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.
-
local дерекқоры үшін ақпарат беру мақсатында /etc/dconf/db/local.d/00-printing кілттік файлын жасаңыз.
/etc/dconf/db/local.d/00-printing
# dconf жолын көрсету [org/gnome/desktop/lockdown] # Қолданбалардың басып шығаруына жол бермеу disable-printing=true -
Пайдаланушыға бұл баптауларды қайта анықтауға жол бермеу үшін келесі мазмұны бар /etc/dconf/db/local.d/locks/printing файлын жасаңыз:
/etc/dconf/db/local.d/locks/printing
# Басып шығару баптауларын құлыптау /org/gnome/desktop/lockdown/disable-printing -
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.