Пайдаланушы және жүйелік баптауларды dconf арқылы басқару
dconf — GNOME-дағы негізгі конфигурация утилиталарының бірі. Оның мақсаты — GNOME жүйелік және қолданба баптауларын орнатуға және басқаруға көмектесу.
GNOME ішіндегі dconf мүмкіндіктерін түсіну үшін: пайдаланушы GNOME жұмыс үстелінде немесе кез келген GNOME қолданбасында шерте алатын кез келген баптау үшін dconf кілті бар. Сонымен қатар, пайдаланушы интерфейсі арқылы өзгерту мүмкін емес, бірақ dconf арқылы өзгертуге болатын кейбір жүйелік және қолданба баптаулары бар.
Администратор ретінде dconf-ты пайдалануды білу сізге GNOME-ды және GNOME негізіндегі қолданбаларды өз ортаңыздың қажеттіліктеріне сай баптауға көмектеседі.
Егер администратор бұл үнсіз келісім мәндерін қайта анықтауға жол бермеу үшін құлыптамаса, пайдаланушылар оларды өз баптауларымен алмастыра алады.