Жүйелік баптауларға арналған таңдауыңызша үнсіз келісім мәндері
Жүйелік ауқымдағы үнсіз келісім баптауларын dconf профиліндегі кілт үшін үнсіз келісім мәнін беру арқылы орнатуға болады. Бұл үнсіз келісім мәндерін пайдаланушы қайта анықтай алады.
Үнсіз келісім мәнін орнату
Кілт үшін үнсіз келісім мәнін орнату үшін user профилі болуы керек және кілттің мәні dconf дерекқорына қосылуы керек.
Үнсіз келісім бойынша фонды орнату мысалы
-
user профилін жасаңыз:
/etc/dconf/profile/user
user-db:user system-db:locallocal — бұл dconf дерекқорының аты.
-
Үнсіз келісім баптаулары бар local дерекқоры үшін кілттік файл (keyfile) жасаңыз:
/etc/dconf/db/local.d/01-background
# dconf жолы [org/gnome/desktop/background] # dconf кілттерінің атаулары және олардың сәйкес мәндері picture-uri='file:///usr/local/share/backgrounds/wallpaper.jpg' picture-options='scaled' primary-color='000000' secondary-color='FFFFFF' -
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update
user профилі жасалғанда немесе өзгертілгенде, өзгерістер іске асырылуы үшін пайдаланушы жүйеден шығып, қайта кіруі керек.
Егер сіз user профилін жасағыңыз келмесе, жеке мәндерді немесе тұтас бумаларды dconf дерекқорынан оқу және оған жазу үшін dconf командалық жол утилитасын пайдалана аласыз. Қосымша ақпаратты dconf(1) man бетінен қараңыз.