Пайдаланушының жүйеден шығуын және пайдаланушыны ауыстыруды сөндіру

Пайдаланушының жүйеден шығуына жол бермеу GNOME-ды пайдаланудың арнайы түрлері (басқарусыз киоскілер, қоғамдық интернетке қол жеткізу терминалдары және т.б.) үшін пайдалы.

Пайдаланушылар басқа пайдаланушыға ауысу арқылы жүйеден шығуды құлыптаудан айналып өтуі мүмкін. Сол себепті жүйені конфигурациялау кезінде пайдаланушыны ауыстыруды да сөндіру ұсынылады.

Пайдаланушының жүйеден шығуын және пайдаланушыны ауыстыруды сөндіру

  1. Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/user

    user-db:user
    system-db:local

    local — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.

  3. local дерекқоры үшін ақпарат беру мақсатында /etc/dconf/db/local.d/00-logout кілттік файлын жасаңыз:

    [org/gnome/desktop/lockdown]
    # Пайдаланушының жүйеден шығуына жол бермеу
    disable-log-out=true
    
    # Пайдаланушының пайдаланушыны ауыстыруына жол бермеу
    disable-user-switching=true
  4. Пайдаланушы баптауын қайта анықтаңыз және оны өзгертуіне /etc/dconf/db/local.d/locks/lockdown ішінде жол бермеу:

    # Пайдаланушының жүйеден шығуын құлыптау
    /org/gnome/desktop/lockdown/disable-log-out
    
    # Пайдаланушыны ауыстыруды құлыптау
    /org/gnome/desktop/lockdown/disable-user-switching
  5. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update
  6. Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін жүйені қайта іске қосыңыз.