Автоматты түрде жүйеден шығуды баптау
Белгілі бір уақыт бойы бос тұрған пайдаланушы сессияларын автоматты түрде аяқтауға болады. Тиісті dconf кілтін орнатып, содан кейін оны құлыптау арқылы машинаның батареядан немесе желіден жұмыс істеп тұрғанына байланысты әртүрлі әрекеттерді орнатуға болады.
Бос тұрған сессия автоматты түрде аяқталған жағдайда пайдаланушылардың сақталмаған деректерін жоғалтуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Желіден қоректенетін машина үшін автоматты түрде жүйеден шығуды орнату
-
Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:
/etc/dconf/profile/user
user-db:user system-db:locallocal — бұл dconf дерекқорының аты.
Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.
-
/etc/dconf/db/local.d/00-autologout ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін local дерекқорын жасаңыз:
[org/gnome/settings-daemon/plugins/power] # Желіден қоректенген кезде күту уақытын 900 секундқа орнату sleep-inactive-ac-timeout=900 # Желіден қоректенген кезде күту уақытынан кейінгі әрекетті жүйеден шығу деп орнату sleep-inactive-ac-type='logout' -
Пайдаланушы баптауын қайта анықтаңыз және оны өзгертуіне /etc/dconf/db/local.d/locks/autologout ішінде жол бермеңіз:
# Автоматты түрде жүйеден шығу баптауларын құлыптау /org/gnome/settings-daemon/plugins/power/sleep-inactive-ac-timeout /org/gnome/settings-daemon/plugins/power/sleep-inactive-ac-type -
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.
Келесі GSettings кілттері маңызды:
- org.gnome.settings-daemon.plugins.power.sleep-inactive-ac-timeout
Желіден қоректенген кезде компьютер ұйқы режиміне өтпес бұрын әрекетсіз болуы керек секундтар саны.
- org.gnome.settings-daemon.plugins.power.sleep-inactive-ac-type
Желіден қоректенген кезде күту уақыты өткеннен кейін не болуы керек.
- org.gnome.settings-daemon.plugins.power.sleep-inactive-battery-timeout
Батареядан қоректенген кезде компьютер ұйқы режиміне өтпес бұрын әрекетсіз болуы керек секундтар саны.
- org.gnome.settings-daemon.plugins.power.sleep-inactive-battery-type
Батареядан қоректенген кезде күту уақыты өткеннен кейін не болуы керек.
Пайдалануға болатын мәндер тізімін алу үшін кілтте gsettings range командасын орындауға болады. Мысалы:
$ gsettings range org.gnome.settings-daemon.plugins.power sleep-inactive-ac-type
enum
'blank' # экранды бос етеді
'suspend' # жүйені күту режиміне өткізеді
'shutdown' # стандартты өшіру процедурасын бастайды
'hibernate' # жүйені гибернация режиміне өткізеді
'interactive' # пайдаланушыдан не істеу керектігін сұрайтын қалқымалы сұрауды көрсетеді
'nothing' # ештеңе істемейді
'logout' # сессиядан шығады