Жүйелік баптауларды кілттік файлдар арқылы басқару

/etc/dconf/db ішінде орналасқан жүйелік дерекқор файлдарын түзету мүмкін емес, өйткені олар GVDB пішімінде жазылған. Мәтіндік редактор арқылы жүйелік баптауларды өзгерту үшін кілттік файлдар бумаларындағы кілттік файлдарды өзгертуге болады. Әрбір кілттік файл бумасы белгілі бір жүйелік дерекқор файлына сәйкес келеді және оның аты дерекқор файлының атына “.d” кеңейтуі жалғанған атаумен бірдей болады (мысалы, /etc/dconf/db/local.d). Барлық кілттік файл бумалары /etc/dconf/db ішінде орналасқан және әрқайсысында dconf дерекқорына жинақтауға болатын арнайы пішімдегі кілттік файлдар бар.

Бұл бумадағы кілттік файл шамамен келесідей болады:

# Біздің сайт үшін кейбір пайдалы үнсіз келісім баптаулары

[system/proxy/http]
host='172.16.0.1'
enabled=true

[org/gnome/desktop/background]
picture-uri='file:///usr/local/rupert-corp/company-wallpaper.jpeg'
      

Кілттік файлды өзгерткен сайын dconf update командасын орындау керек. Осыны істегенде, dconf жүйелік дерекқор файлындағы уақыт белгісін тиісті кілттік файл бумасындағы уақыт белгісімен салыстырады. Егер кілттік файл бумасындағы уақыт белгісі дерекқор файлындағыдан жаңалау болса, dconf system-db файлын қайта жасайды және жүйелік D-Bus-қа хабарлама жібереді, ол өз кезегінде барлық жұмыс істеп тұрған қолданбаларға баптауларын қайта оқу керектігін хабарлайды.

Кілттік файлдағы топ атауы GSettings схема идентификаторына (ID) сілтеме жасайды. Мысалы, org/gnome/desktop/background жолы picture-uri кілтін қамтитын org.gnome.desktop.background схемасына сілтеме жасайды.

Топ астындағы мәндер серияланған GVariant пішімінде болуы тиіс.