Профильдер
Профиль — конфигурация дерекқорларының тізімі. Профильдегі бірінші дерекқор — жазуға арналған дерекқор, ал қалғандары — тек оқуға арналған. Әрбір жүйелік дерекқор кілттік файл бумасынан жасалады. Әрбір кілттік файл бумасында бір немесе бірнеше кілттік файлдар болады. Әрбір кілттік файлда кем дегенде бір dconf жолы және бір немесе бірнеше кілттер мен сәйкес мәндер болады.
dconf профилінде орнатылған кілттер жұбы, егер сіз орнатқан мәнде ақау болмаса, үнсіз келісім баптауларын қайта анықтайды.
Әдетте dconf профилі пайдаланушы дерекқорынан және кем дегенде бір жүйелік дерекқордан тұрғанын қалайсыз. Профильде әр жолға бір дерекқор жазылуы керек.
Профильдегі бірінші жол — өзгерістер жазылатын дерекқор. Әдетте бұл user-db:user. user — әдетте ~/.config/dconf ішінде орналасқан пайдаланушы дерекқорының аты.
system-db жолы жүйелік дерекқорды көрсетеді. Бұл дерекқорлар /etc/dconf/db/ ішінде орналасқан.
Профиль үлгісі
user-db:user
system-db:local
system-db:siteБір пайдаланушы және бірнеше жүйелік дерекқорларды конфигурациялау қалаулардың қабаттасуына мүмкіндік береді. user дерекқор файлындағы баптаулар local дерекқор файлындағы баптаулардан басым болады, ал local дерекқор файлы өз кезегінде site дерекқор файлынан басым болады.
Дегенмен, құлыптардың басымдық тәртібі керісінше болады. site немесе local дерекқор файлдарында енгізілген құлыптар user ішіндегілерден басым болады.
Сессияға арналған dconf профилі жүйеге кірген кезде анықталады, сондықтан пайдаланушылар жаңа dconf пайдаланушы профилін сессиясына қолдану үшін жүйеден шығып, қайта кіруі керек.
Қосымша ақпаратты dconf(7) man бетінен қараңыз.
Профильді таңдау
Іске қосылған кезде dconf DCONF_PROFILE орта айнымалысына жүгінеді. Айнымалы /etc/dconf/profile/ ішіндегі файлға қатысты жолды немесе абсолютті жолды, мысалы, пайдаланушының үй бумасына дейінгі жолды көрсете алады.
Егер орта айнымалысы орнатылған болса, dconf көрсетілген профильді ашуға тырысады және сәтсіз болса, жұмысын тоқтатады. Егер айнымалы орнатылмаса, dconf “user” атты профильді ашуға тырысады. Егер ол да сәтсіз болса, ол ішкі бекітілген конфигурацияға оралады.
Қосымша ақпаратты dconf(7) man бетінен қараңыз.