Файлды сақтауды сөндіру
Сақтау және Қалайша сақтау сұхбат терезелерін сөндіруге болады. Бұл пайдаланушыға уақытша рұқсат берген жағдайда немесе пайдаланушының компьютерге файлдарды сақтауын қаламаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.
Бұл мүмкіндік оны қолдайтын қолданбаларда ғана жұмыс істейді! Барлық GNOME және үшінші тарап қолданбаларында бұл мүмкіндік қосылмаған. Бұл өзгерістер бұл мүмкіндікті қолдамайтын қолданбаларға әсер етпейді.
Файлды сақтауды сөндіру
-
Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:
/etc/dconf/profile/user
user-db:user system-db:locallocal — бұл dconf дерекқорының аты.
Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.
-
local дерекқоры үшін ақпарат беру мақсатында /etc/dconf/db/local.d/00-filesaving кілттік файлын жасаңыз.
/etc/dconf/db/local.d/00-filesaving
# dconf жолын көрсету [org/gnome/desktop/lockdown] # Пайдаланушының файлдарды дискіге сақтауына жол бермеу disable-save-to-disk=true -
Пайдаланушыға бұл баптауларды қайта анықтауға жол бермеу үшін келесі мазмұны бар /etc/dconf/db/local.d/locks/filesaving файлын жасаңыз:
/etc/dconf/db/local.d/locks/filesaving
# Файлды сақтау баптауларын құлыптау /org/gnome/desktop/lockdown/disable-save-to-disk -
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.