Пайдаланушы бос тұрғанда экранды бұғаттау
Пайдаланушы белгілі бір уақыт бойы бос тұрғанда экранның автоматты түрде бұғатталуын қамтамасыз ете аласыз. Бұл пайдаланушылар компьютерлерін қоғамдық немесе қауіпсіз емес жерлерде қараусыз қалдыруы мүмкін болғанда пайдалы.
Экранды автоматты түрде бұғаттауды іске қосу
-
Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:
/etc/dconf/profile/user
user-db:user system-db:locallocal — бұл dconf дерекқорының аты.
Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.
-
local дерекқоры үшін ақпарат беру мақсатында /etc/dconf/db/local.d/00-screensaver кілттік файлын жасаңыз.
/etc/dconf/db/local.d/00-screensaver
# dconf жолын көрсету [org/gnome/desktop/session] # Экран бос (blank) болғанға дейінгі әрекетсіздік секундтарының саны # Экран сақтағышты өшіргіңіз келсе, 0 секундқа орнатыңыз. idle-delay=uint32 180 # dconf жолын көрсету [org/gnome/desktop/screensaver] # Экран бос болғаннан кейін оны бұғаттауға дейінгі секундтар саны lock-delay=uint32 0Көрсетілгендей бүтін сан кілт мәндерімен бірге uint32 қосуыңыз керек.
-
Пайдаланушыға бұл баптауларды қайта анықтауға жол бермеу үшін келесі мазмұны бар /etc/dconf/db/local.d/locks/screensaver файлын жасаңыз:
/etc/dconf/db/local.d/locks/screensaver
# Жұмыс үстелінің экран сақтағыш баптауларын құлыптау /org/gnome/desktop/session/idle-delay /org/gnome/desktop/screensaver/lock-delay -
Жүйелік дерекқорларды жаңарту:
# dconf update Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.