Диск бөлімдерін өзгертуді сөндіру

polkit жекелеген операцияларға рұқсаттарды орнатуға мүмкіндік береді. Дискілерді басқару қызметтеріне арналған udisks2 утилитасы үшін конфигурация /usr/share/polkit-1/actions/org.freedesktop.udisks2.policy ішінде орналасқан. Бұл файлда жүйелік әкімші қайта анықтай алатын әрекеттер жиынтығы мен үнсіз келісім мәндері бар.

/etc ішіндегі polkit конфигурациясы /usr/share ішіндегі дестелермен бірге келетін конфигурациядан басым болады.

Диск бөлімдерін өзгертуді сөндіру

  1. /usr/share/polkit-1/actions/org.freedesktop.udisks2.policy файлымен мазмұны бірдей файл жасаңыз: cp /usr/share/polkit-1/actions/org.freedesktop.udisks2.policy /etc/share/polkit-1/actions/org.freedesktop.udisks2.policy

    /usr/share/polkit-1/actions/org.freedesktop.udisks2.policy файлын өзгертпеңіз, сіз енгізген өзгерістер десте келесі рет жаңартылғанда жойылып кетеді.

  2. policyconfig элементінің ішінен қажет емес әрекеттерді өшіріп, /etc/polkit-1/actions/org.freedesktop.udisks2.policy файлына келесі жолдарды қосыңыз:

      <action id="org.freedesktop.udisks2.modify-device">
         <description>Диск баптауларын өзгерту</description>
         <message>Диск бөлімдерін өзгерту үшін аутентификация керек</message>
        <defaults>
          <allow_any>no</allow_any>
          <allow_inactive>no</allow_inactive>
          <allow_active>yes</allow_active>
        </defaults>
    </action>

    Егер әрекетті тек root пайдаланушысы орындай алатынына көз жеткізгіңіз келсе, no мәнін auth_admin мәніне алмастырыңыз.

  3. Өзгерістерді сақтаңыз.

Пайдаланушы диск баптауларын өзгертуге тырысқанда, келесі хабарлама көрсетіледі: Authentication is required to modify drive settings.