Таңдауыңызша фонды орнату

Үнсіз келісім бойынша жұмыс үстелінің фонын өзіңіз қалаған фонға өзгерте аласыз. Мысалы, үнсіз келісім бойынша GNOME фонының орнына компанияңыздың немесе университетіңіздің логотипі бар фонды пайдалануды қалауыңыз мүмкін.

Үнсіз келісім бойынша фонды орнату

  1. Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/user

    user-db:user
    system-db:local

    local — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.

  3. local дерекқоры үшін ақпарат беру мақсатында /etc/dconf/db/local.d/00-background кілттік файлын жасаңыз.

    /etc/dconf/db/local.d/00-background

    # dconf жолын көрсету
    [org/gnome/desktop/background]
    
    # Жұмыс үстелінің фондық сурет файлына жолды көрсету
    picture-uri='file:///usr/local/share/backgrounds/wallpaper.jpg'
    
    # Фондық суретті өңдеу опцияларының бірін көрсетіңіз:
    picture-options='scaled'
    
    # Градиенттерді салу кезіндегі сол жақ немесе жоғарғы түсті, немесе тұтас түсті көрсетіңіз
    primary-color='000000'
    
    # Градиенттерді салу кезіндегі оң жақ немесе төменгі түсті көрсетіңіз
    secondary-color='FFFFFF'
  4. Пайдаланушыға бұл баптауларды қайта анықтауға жол бермеу үшін келесі мазмұны бар /etc/dconf/db/local.d/locks/background файлын жасаңыз:

    /etc/dconf/db/local.d/locks/background

    # Жұмыс үстелінің фон баптауларын құлыптау
    /org/gnome/desktop/background/picture-uri
    /org/gnome/desktop/background/picture-options
    /org/gnome/desktop/background/primary-color
    /org/gnome/desktop/background/secondary-color
  5. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update
  6. Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.