Желілік тіркелгілерге рұқсат беру немесе тыйым салу

GNOME Желілік тіркелгілері (GOA) жеке желілік тіркелгілерді GNOME жұмыс үстелімен және қолданбаларымен біріктіру үшін пайдаланылады. Пайдаланушы Желілік тіркелгілер қолданбасы арқылы Google, Facebook, Flickr, ownCloud және басқа да желілік тіркелгілерін қоса алады.

Жүйелік әкімші ретінде сіз:

  • барлық желілік тіркелгілерді іске қоса аласыз;

  • бірнеше желілік тіркелгіні таңдап іске қоса аласыз;

  • барлық желілік тіркелгілерді сөндіре аласыз.

Желілік тіркелгілерді баптау

  1. Жүйеңізде gnome-online-accounts дестесі орнатылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/user

    user-db:user
    system-db:local

    local — бұл dconf дерекқорының аты.

  3. Create the directory /etc/dconf/db/local.d/ if it does not already exist.

  4. Келесі конфигурацияны қамтитын local дерекқоры үшін ақпарат беру мақсатында /etc/dconf/db/local.d/00-goa кілттік файлын жасаңыз.

    • Арнайы провайдерлерді іске қосу үшін:

      [org/gnome/online-accounts]
      whitelisted-providers= ['google', 'facebook']
    • Барлық провайдерлерді сөндіру үшін:

      [org/gnome/online-accounts]
      whitelisted-providers= ['']
    • Барлық қолжетімді провайдерлерге рұқсат беру үшін:

      [org/gnome/online-accounts]
      whitelisted-providers= ['all']

      Бұл — үнсіз келісім бойынша баптау.

  5. Пайдаланушыға бұл баптауларды қайта анықтауға жол бермеу үшін келесі мазмұны бар /etc/dconf/db/local.d/locks/goa файлын жасаңыз:

    /etc/dconf/db/local.d/locks/goa

    # Жүктеуге рұқсат етілген провайдерлер тізімін құлыптау
    /org/gnome/online-accounts/whitelisted-providers
  6. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update
  7. Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.