Кесте навигациясы баптаулары

Келесі опциялар Құрылымдық навигация іске қосылған қолданбаларда кесте ішінде навигация жасаған кезде Orca әрекетін теңшеуге мүмкіндік береді.

Ұяшық координаттарын дыбыстау

Егер бұл жалауша белгіленсе, Orca сіз навигация жасаған әрбір ұяшықтың координаттарын хабарлайды.

Әдепкі мәні: белгіленген

Бірнеше ұяшық ауқымын дыбыстау

Егер бұл жалауша белгіленсе, ұяшық бірнеше жолды және/немесе бағанды қамтыған кезде Orca оның қанша жолды және/немесе бағанды қамтитынын хабарлайды.

Әдепкі мәні: белгіленген

Ұяшық жоғарғы колонтитулын хабарлау

Егер бұл жалауша белгіленсе, ағымдағы ұяшық үшін жоғарғы колонтитулдарды анықтау мүмкін болса, Orca жоғарғы колонтитулдағы өзгерістерді хабарлайды.

Әдепкі мәні: белгіленген

Бос ұяшықтарды өткізіп жіберу

Егер бұл жалауша белгіленсе, кестеге қол жеткізу үшін Orca-ның кестелік құрылымдық навигация командаларын пайдаланған кезде Orca бос ұяшықтарды өткізіп жібереді.

Әдепкі мәні: белгіленбеген