Orca-ға қош келдіңіз

Orca — бұл сөйлеу және жаңартылатын Брайль арқылы графикалық жұмыс үстеліне қол жеткізуді қамтамасыз ететін еркін, ашық бастапқы коды бар, икемді және кеңейтілетін экрандық диктор.

Orca Linux және Solaris үшін негізгі көмекші технология инфрақұрылымы болып табылатын Assistive Technology Service Provider Interface (AT-SPI) қолдайтын қолданбалармен және құралдар жиынтығымен жұмыс істейді. AT-SPI қолдайтын қолданбалар мен құралдар жиынтығына Gtk+, Qt, Java Swing, LibreOffice, Gecko, WebKitGtk және Chrome/Chromium жатады.

Orca-ны іске қосу

Orca-ны іске қосу үшін:

  • Orca-ны қалаған экрандық диктор ретінде автоматты түрде іске қосылатындай етіп теңшеу әдісі сіз пайдаланатын жұмыс үстелі ортасына байланысты болады.

  • GNOME-да Orca-ны қосу және сөндіру үшін Super+Alt+S пернелерін басыңыз.

  • Терминал терезесінде немесе Орындау сұхбат терезесінде orca пәрменін кез келген қосымша параметрлермен бірге теріп, Return пернесін басыңыз.

Жүктеу кезіндегі опциялар

Терминал терезесінде немесе Орындау сұхбат терезесінде Orca-ны іске қосқан кезде келесі опцияларды көрсетуге болады:

  • -h, --help: Көмек хабарын көрсету

  • -v, --version: Orca нұсқасын көрсету

  • -s, --setup: Пайдаланушы баптауларын теңшеу

  • -u, --user-prefs=бума_аты: Пайдаланушы баптаулары үшін балама бума ретінде бума_аты бумасын пайдалану

  • -e, --enable=опция: Опцияны пайдалануға мәжбүрлеу, мұндағы опция келесілердің бірі болуы мүмкін:

    • speech

    • braille

    • braille-monitor

  • -d, --disable=опция: Опцияны пайдалануға жол бермеу, мұндағы опция келесілердің бірі болуы мүмкін:

    • speech

    • braille

    • braille-monitor

  • -p, --profile=файл_аты: Берілген Orca профиль файлынан профильді импорттау

  • -r, --replace: Қазір жұмыс істеп тұрған Orca-ны алмастыру

  • -l, --list-apps: Белгілі жұмыс істеп тұрған қолданбаларды басып шығару

  • --debug: Түзету шығысын debug-YYYY-MM-DD-HH:MM:SS.out файлына жіберу

  • --debug-file=файл_аты: Түзету шығысын көрсетілген файлға жіберу