Құжаттар

Кез келген құжаттың мазмұнын оқу үшін қолданбаның ішкі каретка навигациясы режимін пайдаланыңыз. Құжат мәтіні ішінде навигация жасаған кезде Orca жаңа орналасқан жеріңізді көрсетеді. Нәтижесінде сіз Orca көмегімен құжатты қалай оқу керектігімен таныс болуыңыз мүмкін. Мысалы:

  • Таңба бойынша жылжу және оқу үшін Солға және Оңға пернелерін пайдаланыңыз.

  • Сөз бойынша жылжу және оқу үшін Ctrl+Солға және Ctrl+Оңға пернелерін пайдаланыңыз.

  • Жол бойынша жылжу және оқу үшін Жоғары және Төмен пернелерін пайдаланыңыз.

  • Мәтінді таңдау және таңдауды алып тастау үшін Shift пернесін жоғарыдағы командалармен бірге пайдаланыңыз.

Қолданбада каретка навигациясын іске қосу

Барлық қолданбаларда каретка навигациясы әдепкі бойынша іске қосылмаған. Көптеген GNOME қолданбаларында каретка навигациясын F7 пернесін басу арқылы қосуға және сөндіруге болады.

Құжатты каретка навигациясы арқылы оқумен қатар, ағымдағы мәтінді оқу, әріптеп оқу және Unicode мәнін алу пайдалы болуы мүмкін. Бұл әрекеттерді Orca-ның Жалпақ шолу мүмкіндігі арқылы жасауға болады.

Соңында, Orca-ға ағымдағы орналасқан жеріңізден бастап бүкіл құжатты дыбыстау үшін "Барлығын айту" командасын пайдаланыңыз. Оны және Orca-ның құжат мәтініне қол жеткізуге арналған командаларының толық тізімін Оқу командалары нұсқаулығынан табуға болады.