Пернелер тіркесімдері
Orca-да көптеген командалар бар, олардың кейбіреулері пернелер тіркесіміне тағайындалған, ал басқалары тағайындалмаған. Келесі қадамдарды орындау арқылы Orca командаларын тағайындауға, қайта тағайындауға және тағайындаудан алып тастауға болады.
Тағайындалмаған команданы тағайындау
Orca модификаторы+Бос орын пернелерін басу арқылы Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.
Пернелер тіркесімдері бетіне өтіңіз.
Бағдаршамен пернелер тіркесімін тағайындағыңыз келетін командасы бар ұяшыққа өтіңіз.
Бағдаршамен бір рет оңға жылжыңыз. Бұл фокусты Пернелер тіркесімі бағанына қояды. Return пернесін басыңыз.
Қажетті пернелер тіркесімін басыңыз.
Жаңа тіркесімді растау үшін Return пернесін басыңыз. Жаңа пернелер тіркесімі сақталады және соңғы бағандағы (Өзгертілген бағаны) жалауша пернелер тіркесімінің өзгертілгенін көрсетеді.
Іске асыру батырмасын басыңыз.
Бар пернелер тіркесімдерін өзгерту
Orca модификаторы+Бос орын пернелерін басу арқылы Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.
Пернелер тіркесімдері бетіне өтіңіз.
Бағдаршамен өзгерткіңіз келетін пернелер тіркесімі бар ұяшыққа өтіп, Return пернесін басыңыз.
Қажетті пернелер тіркесімін басыңыз.
Жаңа тіркесімді растау үшін Return пернесін басыңыз. Жаңа пернелер тіркесімі сақталады және соңғы бағандағы (Өзгертілген бағаны) жалауша пернелер тіркесімінің өзгертілгенін көрсетеді.
Іске асыру батырмасын басыңыз.
Бастапқы пернелер тіркесімдерін қалпына келтіру
Orca модификаторы+Бос орын пернелерін басу арқылы Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.
Пернелер тіркесімдері бетіне өтіңіз.
Бағдаршамен пернелер тіркесіміне қатысты өзгертілген бағанға өтіңіз.
Бос орын пернесін басу арқылы жалаушаны алып тастаңыз.
Іске асыру батырмасын басыңыз.
Тағайындалған командаларды тағайындаудан алып тастау
Orca модификаторы+Бос орын пернелерін басу арқылы Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.
Пернелер тіркесімдері бетіне өтіңіз.
Бағдаршамен өшіргіңіз келетін пернелер тіркесімі бар ұяшыққа өтіп, Return пернесін басыңыз.
Жаңа пернелер тіркесімі сұралғанда, Delete немесе BackSpace пернесін басыңыз. Сізге пернелер тіркесімі жойылғаны туралы хабарланады.
Растау үшін Return пернесін басыңыз.
Іске асыру батырмасын басыңыз.