Чат баптаулары

Келесі опциялар лезде хабар алмасу және интернет релелік чат клиенттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету кезінде Orca әрекетін теңшеуге мүмкіндік береді.

Чат бөлмесінің атын дыбыстау

Егер бұл жалауша белгіленсе, Orca кіріс хабарлардың алдына, егер олар ағымдағы фокусталған сөйлесуден келмесе, олар келген бөлменің немесе серіктестің атын қосады.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Серіктестеріңіз мәтін теріп жатқанда хабарлау

Егер бұл жалауша белгіленсе және Orca-да серіктесіңіздің мәтін теріп жатқанын анықтайтын жеткілікті ақпарат болса, Orca мәтін теру күйіндегі өзгерістерді хабарлайды.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Чат бөлмесіне тән хабарлар тарихын қамтамасыз ету

Егер бұл жалауша белгіленсе, Orca-ның соңғы хабарларды қарап шығу командалары тек ағымдағы фокусталған сөйлесуге ғана қолданылады. Әйтпесе, тарихта олардың қай сөйлесуден келгеніне қарамастан ең соңғы хабарлар болады.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Келесіден келген хабарларды дыбыстау

Бұл радио батырмалар тобы Orca-ның кіріс хабарды қандай жағдайларда сізге ұсынатынын басқаруға мүмкіндік береді. Таңдауларыңыз:

  • Барлық арналар

  • Арна терезесі белсенді болса ғана

  • Кез келген чат терезесі белсенді болғанда барлық арналар

Әдепкі мәні: барлық арналар