Үйрену режимі

Үйрену режимінде Orca сіз басқан әрбір перне туралы және сол пернеге тағайындалған кез келген байланысты Orca командасы туралы хабарлайды. Бұл режимде сіз сондай-ақ пайдалануға болатын барлық Orca командалары бар жарлықтар тізімін ала аласыз.

Үйрену режимін пайдалану

  1. Orca модификаторы+H пернелерін басу арқылы Үйрену режиміне өтіңіз.

  2. Кез келген пернені немесе пернелер тіркесімін басыңыз. Orca пернелерді және кез келген байланысты команданы хабарлайды.

  3. Үйрену режимінен шығу үшін Esc пернесін басыңыз.

Жарлықтар тізімін алу

  1. Orca модификаторы+H пернелерін басу арқылы Үйрену режиміне өтіңіз.

  2. Бүкіл Orca жүйесіне қолданылатын жарлықтар тізімін алу үшін F2 пернесін немесе фокустағы қолданбаға арналған жарлықтар тізімін алу үшін F3 пернесін басыңыз.

  3. Тізім мазмұнын қарап шығу үшін Жоғары немесе Төмен бағдаршасын басыңыз.

  4. Тізімнен шығу үшін Esc пернесін басыңыз.