Веб-навигация баптаулары

Кесте опциялары

Orca-ның кестелер ішінде навигация жасау опциялары туралы көбірек білу үшін Кесте навигациясы баптаулары бөлімін қараңыз.

Іздеу опциялары

Іздеу опциялары басқару элементтері тобы қолданбаның кірістірілген іздеу функциясын пайдаланып жүргізілген іздеу нәтижелерін Orca-ның қалай көрсететінін теңшеуге мүмкіндік береді.

Іздеу кезінде нәтижелерді дыбыстау

Егер бұл жалауша белгіленсе, Orca ағымдағы іздеу сұрауыңызға сәйкес келетін жолды оқиды.

Әдепкі мәні: белгіленген

Іздеу кезінде тек өзгерген жолдарды дыбыстау

Егер бұл жалауша белгіленсе, Orca сәйкес келетін жол алдыңғы сәйкестікпен бірдей болса, оны көрсетпейді. Бұл опция сіз іздеп жатқан жолдың бірнеше данасы бар жолдағы "артық сөзшеңдікті" болдырмауға арналған.

Әдепкі мәні: белгіленбеген

Сәйкес келетін мәтіннің минималды ұзындығы

Бұл өңделетін айналдыру батырмасы Orca сәйкес келетін жолды хабарламас бұрын неше таңба сәйкес келуі керектігін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл опция сондай-ақ сіз іздеп жатқан жолды тере бастағанда көптеген сәйкестіктер болған кездегі "артық сөзшеңдікті" болдырмауға арналған.

Әдепкі мәні: 4