Профильдер

Orca профильдері қажетті баптауларға тез қол жеткізу үшін бірнеше конфигурацияны сақтауға және жүктеуге мүмкіндік береді.

Жаңа профильді сақтау

  1. Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.

  2. Қалаған баптауларды өзгертіңіз.

  3. Жалпы бетінде Басқаша сақтау батырмасын басыңыз.

  4. Пайда болған Профильді басқаша сақтау сұхбат терезесіне жаңа профиль атын теріңіз.

  5. Профильді басқаша сақтау сұхбат терезесінде OK батырмасын басыңыз.

Бар профильді жүктеу

  1. Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.

  2. Жалпы бетінде Белсенді профиль құрама тізімінен жүктелетін профильді таңдаңыз.

  3. Жүктеу батырмасын басыңыз.

  4. Сізден растау сұралады. Иә батырмасын басыңыз.

  5. OK батырмасын басыңыз.

Бар профильді өзгерту

  1. Өзгерткіңіз келетін профильді жүктеу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындаңыз.

  2. Жаңа профильді сақтау үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындаңыз.

  3. Жаңа профиль аты сұралғанда, ағымдағы профильмен бірдей атты теріңіз. OK батырмасын басқанда, сізге атаулар қайшылығы бар екені айтылады.

  4. Бар профильді жаңа баптаулармен алмастырғыңыз келетінін растау үшін Иә батырмасын басыңыз.

Іске қосылу профилін өзгерту

  1. Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.

  2. Жалпы бетінде Іске қосылу профилі құрама тізімінен жүктелетін профильді таңдаңыз.

  3. OK батырмасын басыңыз. Келесі жолы Orca-ны іске қосқанда, жаңадан таңдалған профиль пайдаланылады.