Ноутбук жаймасындағы CapsLock

Orca-да екі пернетақта жаймасы бар: Жұмыс үстелі және Ноутбук. Таңдалған жайма қай перненің Orca модификаторы ретінде пайдаланылатынына әсер етеді. Егер сіз Ноутбук жаймасын пайдалансаңыз, әдепкі Orca модификаторы CapsLock болады. Егер сіз Orca-ның Ноутбук жаймасын пайдалансаңыз және CapsLock пернесін құлыптағыңыз немесе құлпын ашқыңыз келсе, оны CapsLock пернесін екі рет басу арқылы (at-spi2 2.32 немесе одан кейінгі нұсқасын талап етеді) немесе келесі қадамдарды орындау арқылы жасай аласыз:

Ноутбук жаймасында CapsLock ауыстыру

  1. Orca-ға келесі команда еленбеуі керектігін айту үшін Айналып өту командасын, Orca модификаторы+BackSpace, басыңыз.

  2. Оның құлыпталған күйін ауыстыру үшін CapsLock пернесін басыңыз.