Пернетақта жаймасы

Orca-да екі пернетақта жаймасы бар: Жұмыс үстелі (яғни, сандық пернетақтасы бар) және Ноутбук. Таңдалған жайма қай перненің Orca модификаторы ретінде пайдаланылатынына әсер етеді.

  • Егер сіз Ноутбук жаймасын пайдалансаңыз, әдепкі Orca модификаторы CapsLock болады

  • Егер сіз Жұмыс үстелі жаймасын пайдалансаңыз, Orca модификаторы Insert және KP_Insert пернелері болады, соңғысы KP_0 пернесімен бірдей.

Сондай-ақ, жайма Orca-ның бірқатар командаларымен, әсіресе Жалпақ шолу, Мен қайдамын және Барлығын айту салаларында байланысты пернелер тіркесімдерін анықтайды.

Пернетақта жаймасын өзгерту

  1. Orca модификаторы+Бос орын пернелерін басу арқылы Orca баптаулары сұхбат терезесіне өтіңіз.

  2. Пернетақта жаймасы радио батырмалар тобына өтіңіз.

  3. Бағдаршамен қажетті жаймаға өтіңіз.

  4. Іске асыру батырмасын басыңыз.